Бұл кездесуде Ысмағұлов 31 мың 500 доллар ұтып алды. Мұндағы 14 000 - жұдырықтасқаны үшін, 14000 - жеңіс және 3500 - Reebok компаниясының демеушілік төлемі кіреді. Қазақ файтердің қарсыласы бразилиялық Тиаго Мойзес бұл жекпе-жек үшін 15500 доллар алды (12000 жұдырықтасқаны үшін және 3500 - Reebok компаниясының демеушілік төлемі).
Еске салайық, 31 тамызда Ысмағұлов Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен UFC Fight Night 157 турнирінде Мойзестен басым болып, UFC промоушеніндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жек толық үш раунда өтті, оның қорытындысы бойынша қазақ файтер төрешілер шешімімен жеңді.