Bellator ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Патрики Фрейре (24-10) қарсыласы Усман Нурмагомедовтің (15-0) жанкйүерлері үнемі агрессияға толы хабарлама жазатынын айтады.
Бразилиялықтың ойынша, мұның бәрі арақтың салдары.
"Усманның жанкүйерлері жазған хабарламаларға қалай қараймын? Орыс фанаттарында жеке өмір деген жоқ. Суық болғандықтан шығар. Олар уақытының көп бөлігін арақ ішу мен маған хабарлама жолдауға жұмсайды", - деп береді Фрейренің сөзін SHAK MMA.
Айта кетейік, жеңіл салмақта Bellator чемпиондығы үшін Нурмагомедов - Фрейре айқасы 18 қараша АҚШ-тың Чикаго қаласына жоспарланған Bellator 288 турнирінде өтеді.