Жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) UFC титулына екі дүркін үміткер америкалық ардагер Стивен Томпсон келесі жекпе-жегін кіммен өткізгісі келетінін айтты.
"Біз бірнеше нұсқаны талқылау үстіндеміз. Біріншіден, бұл Конор МакГрегор. Жанкүйерлер менің МакГрегормен жекпе-жегімді көргісі келеді. Екіншіден, бұл мен көптен бері алғым келіп жүрген BMF титулының иегерімен жекпе-жек. Жанкүйерлерім бұл текетіресті де көргісі келеді. Одан бөлек, әрине Мишель Перейра. Онымен айқас өткізсек керемет болар еді", — деп берді Томпсонның сөзін MMA News.
Еске сала кетейік, Стивен Томпсон кәсіпқой карьерасында 17 жеңіске жетіп, алты рет жеңілген және бір тең жекпе-жек өткізген.