UFC-де өнер көрсететін америкалық Оде Осборн қазақстандық Жалғас Жұмағұлов - Джефф Молина жекпе-жегінің жеңімпазын айқасқа шақырмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алдымен Осборн 5 маусымда өзбекстандық Заррух Адашевті жеңу керек.
"Жеңіске жетсем, Жұмағұлов - Молина айқасының жеңімпазын айқасқа шақырам. Шығып қолымнан не келетінін көрсетемін. Мен бабыма келсем, ешкім жеңе алмайды, оған сенімдімін", - деп береді Осборнның сөзін bjpenn.com.