MMA
14 ақпан 13:04

Алмабаев өзге қазақты нокаутқа түсірген файтермен айқасады

©AllBoxing

UFC "Зульфикар" лақап атты қазақстандық Асу Алмабаев (21-2) өте жеңіл салмақ рейтингінде алтыншы тұрған португалиялық Манель Капемен (20-7) жекпе-жекке шығатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

31 жастағы Асу октагонға 2 наурызда оралады. Алмабаевтың португалиялықпен айқасы UFC Vegas 103 турниріндегі басты кездесулердің бірі болады. 


"Зульфикар" UFC лигасында алғашқы айқасын 2023 жылдың тамызыда өткізген еді. Ол кезде Асу ямайкалық Оде Осборнды екінші раундта нокаутқа түсірген. Содан кейінгі үш жекпе-жегінде де жекңіске жетіп, қазір өзінің салмақ рейтингінде сегізініші. 

Капе болса UFC-де сегіз кездесу өткізген. Промоушендегі төртінші айқасында ол қазақстандық Жалғас Жұмағұловты (1-6 в UFC) нокаутқа түсірген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport