Единоборства
19 наурыз 2024 09:43

"Әлемді таңдандырамын". Қолы сынған файтер Шавкатты айқасқа шақырды

©

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен (18-0) жұдырықтасқысы келетінін кезекті рет мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

Оның сөзінше, ол тамыз айында дайын болады. Маддалена әлемді таңдандырып "Номадты" нокаутқа түсіретінін айтады.

"Ол жарқат алған, мен де. Тамыз айының басында жекпе-жекке шыға аламын. Бұл титул үшін үлкен іріктеу жекпе-жегі болады. Меніңше, оны нокаутпен немесе сабмишенмен жеңемін, октагонға шығып әлемді таңдандырамын", - дейді Маддалена ESPN MMA арнасына берген сұхбатында. 

Аустралиялық файтер 10 наурызда өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңіп, рейтингте бесінші орынға көтерілген еді. Дәл осы айқаста ол қолын сындырып алған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport