Әйгілі ирландиялық спортшы Конор Макгрегор UFC-ге ресми түрде қайта оралды. Ол 30 маусым күні Лас-Вегаста өтетін кеште (UFC 303) америкалық Майкл Чендлермен шайқасады.
Жартылай және жартылай жеңіл салмақта промоушен чемпионы болған Конор Макгрегор үш жылдан бері октагонға шықпаған еді. Соңғы рет Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегінде аяғын сындырып алып, шайқасты техникалық нокаутпен аяқтаған болатын.