Актер әрі спортшы Еркебұлан ирандық қарсыласын нокаутқа түсірді

ММА-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар OCTAGON 38 турнирінде кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
ММА-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар OCTAGON 38 турнирінде кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен жекпе-жек кешінде Еркебұлан Иран спортшысы Джабер Мирзазадемен жұдырықтасты.
Бұл кездесу үшінші раундта аяқталды, Еркебұлан қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл қазақстандықтың карьерасындағы бесінші жеңіс, сонымен бірге, ол екі рет жеңілген.
Жарнама