Ақтауда Хабибті көруге жиналған жұрттың видеосы тарады
Naiza 41 және Eagle 48 ММА бойынша халықаралық турнир аяқталғаннан кейін Ақтау жағалауында жанкүйерлер UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа қарай жүгірген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жастар суретке түскісі келген. Жанкүйерлер Хабибті қоршап алған, алайда спортшының қасында жүрген күзетшілер мен полицейлер оған жақындатпай, спортшыны көлікке алып кеткен.
Турнир барысында жанкүйерлермен арада қақтығыстар болған. Билеті болмаған жас жігіттер амфитеатрдың сахнасына кіру үшін қоршауға шығып алған. Кейін полицейлерге көмекке арнайы жедел әрекет ету бөлімі қызметкерлері келген.
Жекпе-жек кешке дейін жалғасқан, жиналғандар түнгі сағат екіге қарай тарай бастапты. Жағалауда түрлі сусындардың ыдыстары, басқа да қоқыстар тау болып үйіліп қалған. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде қатты музыкаға шағымданған.
Жарнама