Единоборства
11 желтоқсан 2017 14:41
 
Әкем Тайсонның кездесуін көрсету үшін таңғы бесте оятатын. Хамитов соңғы кездесуі, "Астана" клуб және үлгі тұтатын спортшысымен кездесу туралы

  Пікірлер

blog.share

Әкем Тайсонның кездесуін көрсету үшін таңғы бесте оятатын. Хамитов соңғы кездесуі, "Астана" клуб және үлгі тұтатын спортшысымен кездесу туралы Қуат Хамитов. ©:vl.ru

Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат "Найман" Хамитов Vesti.kz порталының тілшісіне ирландиялық Питер Куиллиге қарсы кездесу туралы және даңқты боксшы Майк Тайсонмен кездесу туралы айтып берді. 

- Қуат, биыл өз жоспарыңыздың барлығын орындай алдыңыз ба?

- Биылғы маусым жаман болған жоқ. Бірақ мен көбірек жекпе-жек өткізгім келген еді. Шамамен үш немесе төртеу. Барлығы мен ойлағандай болмады. Кейде қарсыластарым жекпе-жектен бас тартса, кейде келіссөздер тоқтап қалды. Биыл екі спорт кешінің басты кездесуінде сегізбұрышқа шықтым. Екі кездесу де мен үшін сәтті өтті. 

- Жекпе-жектер арасындағы үзілістер сізге кері әсерін тигізбеді ме?

- Жоқ. Үзілістер кері әсерін тигізбеді. Мен үнемі жаттығу жасап, өзімді бабымда ұстап жүрдім. Көп демалған жоқпын. Тағы қайталап өткім келеді, мен биыл үш немесе төрт кездесу өткізгім келген еді. Мен әлі жаспын. Бабымдамын. Сондықтан көбірек кездесу өткізгім келген. 

- Бұл жылдың басты жекпе-жектердің бірі - Питер Куиллиге қарсы өткізген кездесу болды. Бұл жеңіс сіз үшін қаншалықты маңызды болды?

- Ирландиялық спортшымен соңына дейін төбелесетінімді білдім. Оның көрсеткіші де мықты болды. Ол бұған дейін қарсыластарына ешқашан берілмеген. Соңына дейін шайқасады. Сол үшін де бес раундтық кездесуде дайындалып, бірақ ертерек жеңсем деген жоспарды ойластырдым. Питер Куиллиді жеңу - мен үшін маңызды. Өйткені, мен өл елімде жекпе-жек өткіздім. Питер даңқты Конор МакГрегормен бірне жаттығу жасайды. Олардың технологиясы жоғары. Бапкерлік құрамы үлкен. Тамақтану әдісі де ерекше. Бұл тұрғыда біз шамалы артта келеміз. 

Жекпе-жек алдында мен өз командаммен жаттығу жиындарын өткізген жоқпын. Тіпті Тайландқа да барып, дайындалмадым. Елімізде жаттығу жасадық. Боксты үйрететін бапкер болмады. Сол себепті, күреске көп көңіл бөлдік. Кейін менің спарринг қарсыласыммен бокстың әдістерін үйрендік. Осыған қарамастан мен жеңіске жетті. Бұл мен үшін өте маңызды. Өз елімде өткен жекпе-жек кешінің басты кездесуінде өнер көрсетпегелі біраз болған еді. Барлығы да ойдағыдай болды. 

- Жекпе-жек туралы айтып берсеңіз. Куиллиді құлатқыңыз келмеді ме?

- Мен сегізбұрыштың ішіне бес раундтық кездесу өткіземін деп ойлап шықтым. Тың кезінде алғашқы екі раундты өз пайдама аяқтап, кейінгі үш раундты тең өткізгім келді. Жоспар орындалды. Куиллиді өзімнің сүйікті соққыларыммен құлатуға да тырыстым. Мүмкіндік те болды. Бірақ мен өз күшімді үнемдеуге тырыстым. Әрине, қарсыласты айқын жеңген жақсы. Бірақ қандай болмасын жеңістің барлығы да қуаныш сыйлайды. Мен өте қуаныштымын. 

- Сіз жуырда жас кезіңізде үлгі тұтқан Майк Тайсонмен кездестіңіз. Онымен сөйлесудің реті келді ме?

- Шынында, Майк Тайсон - менің жас кезімде үлгі тұтқан спортшыларымның бірі болды. Қателеспесем, мен оның жекпе-жектерін бес жасымнан бастап көре бастадым. Әкем қыста мені таңғы бесте оятып, көршілердің үйіне барып, Тайсонның жекпе-жектерін көретін едік. Әрдайым Тайсонның, Мұхаммед Әлидің жекпе-жектерін асыға күтіп жүретін едім. 

Тайсонды көрегіме өте қуаныштымын. Біз онымен біраз сөйлесіп те алдық. Мен көрермендердің қатарында болдым. Жүргізуші мені байқап, бірінші болып сұрақ қою мүмкіндігін маған берді. Мен оған алғыс айтып, ол менің үлгі тұтар спортшым екенін айттым. Бірнеше сұрақ қойып, жаттығуға байланысты кеңес беруін сұрадым. Ол жаттығу туралы айтып, қиындықтарды қалай жеңу керектігін және қалай өмір сүру керектігін айтып берді. Керемет кеш болды. 

- Сіз бірнеше рет қазақ футболын сынға алдыңыз. Бірақ "Астананың" соңғы жеңісіне ішіңіз жылып қалды ...

- "Астана" үшін қуаныштымын. Бірінше рет плей-офф кезеңіне шығып отыр ғой. Ары қарай да жеңіске жете берсін. Плей-офф соңғы аялдама емес. Осы жерден тоқтап қалмаса екен деп тілеймін. Финалға дейін жетіп, чемпион болсын. 

- Келесі жылға қандай жоспар құрып отырсыз?

- Соңғы жекпе-жекте жарақат алмасам, желтоқсан айында Шанхайда жекпе-жек өткізу керек болатынмын. WBK белбеуін қорғау үшін. Бірақ Куиллиге қарсы кездесуде аяғымды жарақаттап, қазір емделіп жатырмын. Келер жылдың басында Қытайда кездесу өткізуді көздеп отырмын. Белбеуді қорғауға. Сонымен қатар Бразилияда да жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бар. Ол жақта Fight Nights үлкен жекпе-жек кешін ұйымдастырғалы жатыр. Сол кешке қатысқым келеді. Әзірше жоспарым осындай. Қазір басты мақсат - емделіп алу. Содан соң Тайландқа барып, үш төрт ай жаттығу жасаймын. Кейін жоспар бойынша жүремін. 

Еске салайық, Хамитов пен Куилли арасындағы кездесу Алматыдағы Fight Nghts Global 80 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Бес раундтың қорытындысы бойынша екі төреші қазақстандық спортшыға берді. 

Жарнама

Живи спортом!