Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (21-6) Мәскеуде өткен ACA 111 турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді.
28 жастағы қазақстандық спортшы шоудың басты жекпе-жектерінің бірінде 24 жастағы "Борз" (Бөрі) лақап атты шешенстандық Юсуф Раисовты төрешілер шешімімен жеңді.
"Қазақстанда тудым. Сонда өмір сүрем, анам, әкем, арғы атам мен әжем де. Бізде Қазақстанда көптеген халық тұрады, түрлі ұлттар бар. Бұл жеңісті әкеме және әсіресе қазақ халқына арнаймын. Өйткені қазақ халқының арқасында біз достықта, бірлікте, бір отбасындай тұрып келеміз. Сол үшін бүкіл Қазақстан халқына алғысымды білдіремін. Бұл менің емес, барлық жігіттердің жеңісі", - дейді ол.
Единоборства
20 қыркүйек 2020 11:44
"Әкем мен қазақ халқына арнаймын". Шешенстандық "Бөріні" жеңген қазақстандық спортшы
Сурет: ufcbet.ru