UFC промоушнының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов осыдан 10 жыл бұрын әлемдегі ең мықты лигаға қалай келгенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Осыдан 10 жыл бұрын әлемдегі ең мықты лигада дебютімді жасадым. Сол кезде Ресейден шыққан жауынгердің UFC-де өнер көрсетуі мүмкін еместей көрінетін. Оның үстіне маған дейін Ресейден 10 жылдай ешкім шықпаған еді.
Алғашқы кездесуімнен елге келгенімде әкем: "Ол жақта сені кім күтіп отыр дейсің? Әлде ол жақта оңай дейсің бе? Сен сол промоушнда жүрген 600 спортшының бірісің. Көптің бірісің. Мықты болғың келсе көбірек жаттығып, шыдамдылық таныта білу керек" деген еді.
Сол сөзден кейін әкеме ауыз ашпадым. Тек мықты екенімді іспен дәлелдеуге көштім. Көп еңбектендім. Спорттағы кез-келген жетістігімді әкеме арнап келдім. Оған биік белесті бағындыра алатынымды дәлелдегім келді", - деп жазады Хабиб инстаграм парақшасында.