Единоборства
18 желтоқсан 2022 12:01

Ажыратуға тура келді. Қазақ спортшы нағыз қанды айқас жасады

©UFC

UFC-де өнер көрсететін қазақ файтер Қайсар Махсат (9-2) Лас-Вегестағы UFC Fight Night турнирінде қанды айқас өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы Қайсардың қарсыласы 28 жастағы мексикалық Рафа Гарсия (14-3) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раунд толық өтіп, төрешілер шешімімен Гарсияның пайдасына аяқталды. 

Спортшылар жеңіс үшін барын салып жұдырықтасты. Екінші раундта Қайсар қарсыласын шынтақпен ұрып, мексикалықтың басын жарды. Осыдан кейін октагонның бәрі мексикалықтың қанымен боялды. Ал үшінші раундтан кейін айқасты ары қарай жалғастырмақ болған қарсыластарды ажыратуға тура келді. 

Мексикалықтың командасындағы Каб Свонсонның сөзінше, Рафаның басына тиген соққы тура тамырға келіп, жекпе-жектен кейін қанды тоқтатуға екі сағат кеткен және 15 тігіс салу керек болған. 

Бұл Қытайда дүниеге келген қазақ файтердің екінші жеңілісі. Осылайша, оның қатарынан жеті жеңіс сериясы үзіліп қалды. Ал Гарсия карьерасында 14-рет жеңіске жетіп отыр. Денемен оның UFC-дегі көрсеткіші үш жеңіс пен үш жеңіліс. 

Ал Қайсар UFC-де екінші рет қана жекпе-жек өткізді, былтыр өткен бірінші айқасында ол америкалық Стив Гарсияны бірінші раундта талдырған болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport