Агапованы наша қолданды деп айыптаған украиналық жекпе-жекке шығудан төртінші рет бас тартты
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін украиналық спортшы Марина Мороз 16 қазан күні UFC Vegas 40 турнирінде Луана Каролинамен кездесуден бас тартты. Бұл туралы "Чемпионат" порталы хабарлады.
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін украиналық спортшы Марина Мороз 16 қазан күні UFC Vegas 40 турнирінде Луана Каролинамен кездесуден бас тартты. Бұл туралы "Чемпионат" порталы хабарлады.
Укариналық спортшының кездесуден не үшін бас тартқаны белгісіз. Енді оның орнына бразилиялықпен айқасқа америкалық ару Сиджара Юбэгкс шығады.
Айта кетейік, Мороз UFC ұйымында осымен төртінші мәрте кездесуге шығудан бас тартты. Ол соңғы кездесуін 2020 жылдың наурызында өткізіп, төрешілер шешімі бойынша Майра Сильваны ұтты. Жалпы UFC-де Мороз сегіз кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жеткен.
Бұған дейін украиналық спортшыны отандасымыз Мария Агапова жекпе-жекке шақырды. Ал оның алдында Мороз қазақстандықты наша қолданады деп айыптаған болатын.
Жарнама