Аралас жекпе-жек туралы жазатын Honest Combat Sports Fan ирландиялық Иэн Гэрримен (15-1) жекпе-жектен кейін қазақстандық Шавкат Рахмоновты сынап тастады.
Бұл жекпе-жек 8 желтоқсан Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінің басты айқасы болды.Спортшылар бес раунд толықтай жұдырықтасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ файтерге берді.
"Аяғыңа тік тұрған кезңіде сайқымақатай көріндің. Сенің істейтінің - аяққа кіріп, уақыт соза беру ғана. Вандербоймен істегеніңді қайталай бересің, осылай істейтініңді айтып едім, сызданып қалдың. Шындықтың бетіне тура қарайтын уақыт келді - сенің әрекеттеріңнің заманы өтті, оны енді бәрі біледі", - деп жазыпты дереккөз.