45 жастағы ММА файтері қарсыласының жағын сындырды

Bellator 280 турнирінде аралас жекпе-жек файтері Йоэль Ромеро (14-6) қарсыласы Алекс Полиццидің (10-2) жағын сындырды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
Bellator 280 турнирінде аралас жекпе-жек файтері Йоэль Ромеро (14-6) қарсыласы Алекс Полиццидің (10-2) жағын сындырды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
45 жастағы кубалық Ромеро жекпе-жек барысында қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді, нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатты.
"Қап! Аздап сүт ішіп емделу керек сияқты ғой", - деп жазды 30 жастағы Полицци өз парақшасына әзілдеп.
Ромеро Bellator турнирін жеңіліспен бастаған. 2021 жылдың 18 қыркүйегінде ол Фил Дэвиске (24-6) есе жіберген еді. Ал Полицци үш жеңістен кейін кубалықтан жеңілді.
Жарнама