Единоборства
5 маусым 2023 09:31

16 жастағы жігіт ММА-ден облыстық жарыста өліп кетті

©Видеодан кадр

Ресейдің Амур облысында өткен ММА-ден жарыста бастан тиген соққыдан 16 жастағы спортшы мерт болды, деп хабарлайды Vesti.kz жергілікті журналист Игорь Лазоринге сілтеме жасап. 

Турнир ережесі бойынша кәмелетке толмаған қатысушылардың бәрі бокстың ашық типтегі бас қорғаныштарын кию керек болған. Алайда төреші жасөспірімді ондай қорғансыз қатыстыра берген. 

Басына тиген тепкіден жас жігіт есінен танып құлаған, одан кейін жедел жәрдем көлігінде көз жұмыпты. 

Енді Ресейдің ММА одағы мен тергеу органдары бұл оқиға бойынша тексеріс бастады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport