15 жеңісі бар америкалық жеңілмеген қазақстандық спортшыны жекпе-жекке шақырды
Сурет: MMASucka.com
UFC-де жұдырықтасатын америкалық Брайан Барберена (15-7) қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды. Қазақстандық файтер промоушендегі бірінші кездесуін Элизеу Залескиге қарсы өткізу керек болған, алайда, алдымен пандемия, енді міне бразилиялықтың жарақаты бөгет болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық файтер Залескидің жарақаты туралы постқа жауап беріп, оны алмастыруға дайын екенін твиттер желісінде жазған. Барберенаның жазғанына Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов жауап берді: "Кел, өткізейік. Біз дайынбыз",- деп жазды ол.
31 жастағы Барберена ММА-де 15 жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген. 2016 жылы ол UFC уақытша чемпионы және АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың сүйікті файтері Колби Ковингтонмен жұдырықтасқан. Бұл кездесуде төрешілер шешімімен Ковингтон жеңген.
Рахмонов пен Залески 24 қазанда өтетін турнирде, Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи андеркартында жұдырықтасу керек болған.

Жарнама