Қазақстандық шахматшы Зейнеп Сұлтанбек Батыс Азия (Коломбо, Шри-Ланка) чемпионатының қыздар арасындағы абсолютті чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Оңтүстік Қазақстан облысының шахматшысы жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдылығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті, ал финалда блицте үздік атанды. Нәтижесінде – үш алтын медаль!", - деп жазды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Ал ұлдар сайысында Қазақстан намысын астаналық шахматшы Әлішер Мажкенов қорғады.
"Классикалық турнирде Әлішер соңғы раундта жеңіске дәлдеді, бірақ, өкінішке қарай, үш жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберіп, жетінші орынға жайғасты, мұны сәтсіздік деп атауға болмайды. Қазақстандық шахматшы блицте төртінші орынға ие болды", - делінген хабарламада.