Қазақ шахматшы әлем чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Нөгербек Қазыбек 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық шахматшы Нөгербек Қазыбек 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Елордалық "Астана" шахмат клубының тәрбиеленушісі, FIDE шебері Грекияның Родос аралында өтіп жатқан рапидтен жастар арасындағы әлем чемпионатында ең мықты болып шықты. Рапид бойынша жарыс 1 және 2 мамырда өтті.
"Жаңа ғана 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рапид бойынша әлем чемпионаты 2022 Open турнирінің соңғы кезеңі аяқталды, онда біздің FM студенті Нөгербек Қазыбек бірінші орын жеңіп алды және 18 жасқа дейінгі рапид бойынша әлем чемпионы атанды. Қазыбекті құттықтаймыз және алдағы блиц-турнирде сәттілік тілейміз!" - делінген клуб мәлімдемесінде.
Айта кетейік, рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында бұл жас санатынан бөлек, 8, 10, 12, 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында да жарыс өтуде.
Жарнама