Шахматы
25 сәуір 2023 09:40

Жансая Әбдімәлік ірі компанияның басшысына тұрмысқа шықты

©instagram.com/zhansaya_abdumalik/

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.  

23 жастағы Жансая жарының суретін жариялады. Шахматшының сүйіктісі 34 жастағы Нұрахмет Нұриев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқармасының төрағасы. 

Нұрахмет Қанатұлы Нұриев "Қазақмыс корпорациясын" 2022 жылдың желтоқсанынан басқарып келеді. Бұл қызметке ол 2006 жылдан бері отырған Эдуард Огайдың орнына келген. 

1989 жылы дүниеге келген Нұриев Ұлыбританияда білім алыпты. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport