Шахматы
13 қыркүйек 2023 17:49
 

Жансая Әбдімәлік Қазақстан командасы тарихи жүлде жеңіп алған ӘЧ-ге неге қатыспағанын айтты

  Пікірлер

blog.share

Жансая Әбдімәлік Қазақстан командасы тарихи жүлде жеңіп алған ӘЧ-ге неге қатыспағанын айтты ©

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшаның Быдгош қаласында өткен командалық әлем чемпионатына неге қатыспағаны жайлы оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Мassaget.kz

blog.share

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшаның Быдгош қаласында өткен командалық әлем чемпионатына неге қатыспағаны жайлы оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Мassaget.kz

"қыздар әлем чемпионатының финалына шықты. Командада сіз неге болмадыңыз?" - деп сұраған оқырманына, "қыздар жарады, ал мен жастарға орынымды бердім", - деп жауап қайырған. 

Жансая сәуір айында тұрмысқа шыққан болатын. Жұбайы – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған 34 жастағы Нұрахмет Нұриев. Инстаграмда шахматшы қыз тойларының әлі өтпегені жайлы да айта кеткен.

Айта кетейік, қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатын сәтті өткізді. Екінші орыннан көрініп, тарихи жүлдеге қол жеткізді. Құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбекова ел намысын қорғады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы қыздарды арнайы құттықтап, жарқын жеңістер тіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!