Шахматы
1 маусым 2021 18:18
 

Ерлер арасындағы гроссмейстерлік атаққа ие болған алғашқы ару

  Пікірлер

blog.share

Ерлер арасындағы гроссмейстерлік атаққа ие болған алғашқы ару Жансая Әбдімәлік. Сурет: FIDE©

Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирі жалғасуда. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік ел тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирі жалғасуда. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік ел тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Шахматшы үлкен додалардағы жетістіктерінің арқасында ер гроссмейстердің нормасын орындап тастады. Ол Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азияда осындай атаққа жеткен тұңғыш бұрымды болып отыр.

Бұл жетістікке Қазақстаннан соңғы рет 2009 жылы Ринат Жұмабаев жеткен еді. 

Турнирге келсек, Әбдімәлік соңғы тоғыз айналым бойынша ешкімге есе жіберген жоқ. Алты партияны ол жеңіспен аяқтады. Үш партияда қарсыласпен тең түсті. 7,5 ұпаймен Жансая көш басында. Одан кейінгі орындағы қарсыластардың ең жоғарғысы әзірге 5,5 ұпайды қанжығалап тұр. 

Екі айналымнан соң Гибралтардағы турнир аяқталады. Алда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Екатерина Лагномен кездеседі. 

Жарнама

Живи спортом!