Шахматы
18 сәуір 2023 19:00
 

Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

  Пікірлер

blog.share

Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын жеңді ©ММУ ақпараттық-сараптамалық орталығының сайты

Астанада өтіп жатқан Қазақстан және әлем құрамалары арасындағы ойында отандасымыз Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында FIDE рейтингінің көшбасшысы Хоу Ифаньды жеңді.

blog.share

Астанада өтіп жатқан Қазақстан және әлем құрамалары арасындағы ойында отандасымыз Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында FIDE рейтингінің көшбасшысы Хоу Ифаньды жеңді.

Бибісара қытайлық шахматшы қызды айқын жеңіп шықса, Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова тең ойнады. Қазіргі таңда жалпы есепте әлем құрамасы 18,5 – 13,5 есебімен алда келеді. Алда тағы тур ойындары бар.

Жарыста әлі жеңілмеген шахматшы – Жансая Әбдімәлік. Ол төрт ойында да қарсыласымен тең түсті. Бибісарада бір жеңіс, екі тең ойын және грузин қызы Нана Дзагнидзеге есе жіберіп алғаны бар. Динарада бір жеңіс, екі тең ойын, бір жеңіліспен келеді.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 50 000 долларды құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!