Бибісара Асаубаева Гран-придің 8-турында көшбасшылықты сақтап қалды
Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 3-кезеңінде 8-тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 3-кезеңінде 8-тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Мұнда көптің назарын аударған басты кездесу көш басында тұрған қазақстандық Бибісара Асаубаева мен қытайлық Жу Цзинер арасында болды. Ойында жеңімпаз анықталмай, тең аяқталды.
Бибісара мен Жу осыған дейін 4 мәрте кездескен: қазақстандық бір рет, ал қытайлық 2 рет басым түссе, қалған матчта бірін-бірі ала алмаған.
Бұл турдағы қалған ойындардың нәтижесі мынадай:
Екатерина Лагно – Александра Горячкина, ½ – ½;
Харика Дронавалли – Нино Бациашвили, 1 – 0;
Полина Шувалова – Вайшали Рамешбабу, 1 – 0.
Кешегі 8-турда Нана Дзагнидзе мен Хампи Конеру демалды.
Қазір Бибісара 5 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орында.
Бүгін кешке Гран-придің 9-турдағы ойындары өтеді.
Жарнама