Бибісара Асаубаева Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленді

©

Қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді. Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті (Испания), сосын 7-турда Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.

Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар