Мэнникс қазақстандықтың ұстанымын қабылдай алмады: "Неге мұндайға келіспейміз дейсіз бе? Меніңше, бұл алжасқандық. "Канеломен" жекпе-жек DAZN платформасына жазылушыларды алып келуші. Бұл НВО-да болғандай pay-per-view деңгейіндегі айқас. Шереметамен жекпе-жек HBO Championship деңгейіне әзер жетеді және Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмеген уақыттарда табылған кездесулермен ғана тең. Вилли Монромен жекпе-жекке деңгейлес.
"Канело" болса келісіп тұр. Міне үлкен келісімшарт. "Канеломен" шығып, қомақты қаржы аласың немесе Шереметамен жұдырықтасып, осы үшін кім ақша береді екен деп қарайсың. Бұл қызық қой".
Головкин "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасуға тырысуын доғарды
Ал Мора боксшы ретінде Головкинді қолдады: "Боксшы болғандықтан айтайын, Геннадий дұрыс істеп отыр. Ол рингке бір жыл шықпағандықтан қыздырынып алу керек. Ал жанкүйер ретінде айтсам, әрине, "Канеломен" трилогияны көргіміз келеді. Головкин 38 жаста, бір жыл жұдырықтаспады, ал бұл жекпе-жек биыл емес, келесі жылы өтсе не боларын білмейміз. Бұл пандемия екі боксшыға қалай әсер етерін де білмейміз. 38 жаста Головкиннің денесі өзіне қалай бағынатынын кім білсін? Иә, "Канеломен" жекпе-жекте созбалақтамай дереу тамашалағым келеді, бірақ, GGG-ді де түсінемін. Бұл Головкин және Джонатон Бэнкс үшін де дұрыс қадам".