Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) титулды жекпе-жегі алдында ESPN арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек Twitter желісінде сұхбаттың қысқа видеосын жариялапты. Еске салайық Әлімханұлы WBO "уақытша" чемпионы белбеуі үшін 21 мамыр Лас-Вегаста өтеді.
"ESPN", - деп қысқа қайырыпты боксшы видеоға жазбада.
Мұның алдында Жәнібек WBO ұйымыны сынға алып, артынан тағы да "мен белбеуді жеңіп алып, салмақ ауыстырғанымда, менің де чемпиондығымды сақтап отырыңыздар" деп Андраденің қашып жүргеніне қарамастан ұйым оның титулын сақтап отырғанын меңзеген еді. Бұған WBO президенті Пако Валькарсель өз жауабын берген еді.