Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) міндетті қарсылас белгіледі.
Бокс ұйымы Әлімханұлының командасына британиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) келіссөз бастауға міндеттеді. Екі жақсың келісімге келуіне 15 күн уақыт берілді. Тараптар мәмілеге келе алмаған жағдайда промоутерлік сауда белгіленеді.