Бокс
27 сәуір 2017 14:14
 

WBO Жанат Жақияновтың салмағындағы жаңа чемпионды жариялады

  Пікірлер

blog.share

WBO Жанат Жақияновтың салмағындағы жаңа чемпионды жариялады © Tengrinews

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ОАР-дан шыққан Золани Тетені (25-3, 20 КО) аса жеңіл салмақтағы жаңа чемпион деп жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Boxingnews24.com басылымына сілтеме жасап.

23 сәуірде Англияның Лестер қаласында Тете төрешілер шешімімен филипиндік Артур Вийянуэвті (30-2, 16 КО) 19-108, 119-108 және 120-107 есебімен жеңген. Оның үстіне Тете қарсыласын 11 рауындта нокдаунға түсірген болатын.

Айта кетейік, аса жеңіл салмақта қазқстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) өнер көрсетіп жүр. Ақпан айында ол төрешілердің бөлек шешімімен Роуши Уорренді жеңіп, WBA (Super) және IBO чемпионы атанған. Кейін екінші белбеуден айырылған еді.

БАҚ өкілдері Тете мен Жақиянов бір-бірімен жұдырықтасуы мүмкін екенін мұның алдында да жазған. Олардың жекпе-жегі 2016 жылдың маусымында өту керек болатын, бірақ, қазақстандық жарақат алып қалған болатын. Тетенің командасы бұл жағдайға өкініш білдірді, ал Жақияновтың бапкері Рикки Хаттон бұл жекпе-жек жоспарда да болмағанын айтқан. Кейін Тете мен Жақиянов былтыр қыркүйекте кездеседі деген қауесет шықты, алайда, бұл жолы да жекпе-жек болмады.

blog.share
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ОАР-дан шыққан Золани Тетені (25-3, 20 КО) аса жеңіл салмақтағы жаңа чемпион деп жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі
Boxingnews24.com басылымына сілтеме жасап.

23 сәуірде Англияның Лестер қаласында Тете төрешілер шешімімен филипиндік Артур Вийянуэвті (30-2, 16 КО) 19-108, 119-108 және 120-107 есебімен жеңген. Оның үстіне Тете қарсыласын 11 рауындта нокдаунға түсірген болатын.

Айта кетейік, аса жеңіл салмақта қазқстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) өнер көрсетіп жүр. Ақпан айында ол төрешілердің бөлек шешімімен Роуши Уорренді жеңіп, WBA (Super) және IBO чемпионы атанған. Кейін екінші белбеуден айырылған еді.

БАҚ өкілдері Тете мен Жақиянов бір-бірімен жұдырықтасуы мүмкін екенін мұның алдында да жазған. Олардың жекпе-жегі 2016 жылдың маусымында өту керек болатын, бірақ, қазақстандық жарақат алып қалған болатын. Тетенің командасы бұл жағдайға өкініш білдірді, ал Жақияновтың бапкері Рикки Хаттон бұл жекпе-жек жоспарда да болмағанын айтқан. Кейін Тете мен Жақиянов былтыр қыркүйекте кездеседі деген қауесет шықты, алайда, бұл жолы да жекпе-жек болмады.

Жарнама

Живи спортом!