Бокс
5 шілде 2019 15:10
 
WBO белбеуі үшін жекпе-жек алдында Тұраров қарсыласынан ауыр шықты

  Пікірлер

blog.share

WBO белбеуі үшін жекпе-жек алдында Тұраров қарсыласынан ауыр шықты Жаңқош Тұраров. Сурет: Nelsons Promotions

Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров (23-0, 16 КО) аргентиналық Максимилиано Годойға (31-4-1, 16 КО) қарсы титулды жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орта салмақта бос тұрған WBO Inter-Continental белбеуі үшін жекпе-жек алдында 28 жастағы Тұраровтың салмағы 63,4 келі, оның аргентиналық қарсыласы - 63,3 келі болды. Ал бұл дивизион лимиті 140 фунт (63,5 келі). 

Айта кетейік, бұл шоуда Тұраров-Годой жекпе-жегінен бөлек тағы тоғыз жұп боксшы жұдырықтасады. Ең жеңіл салмақта WBC чемпионы франциялық Нордин Оубали (15-0, 11 КО) филиппиндік Артур Вильянуэваға (32-3-1, 18 КО) қарсы белбеуін алғаш рет қорғайды.

Сонымен қатар, бұл кеште бірнеше қазақстандық боксшы жұдырықтасады - Виктор Коточигов, Султан Заурбек, Нұртас Әжбенов, Али Балоев, Әбілхайыр Шегалиев және Абай Төлеш. Бокс кеші 6 шілде "Барыс-Аренада" өтеді.

Жарнама

Живи спортом!