2019 жылы қазақ боксшы рингке төрт рет шықты және бәрінде жеңіске жетті (үш нокаут). Соңғы рет Жәнібек 10 қараша Фреснода канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа түсірген еді.
"Биылғы жыл біздің команда үшін өте берекелі жыл болды. Рейтингтерде жоғарылап, екі тұжырымда топ 15 боксшының қатарына кірдік. Келер жылға жоспар көп. Мақсат айқын. Бұйыртса сол жарқын сәттерді бірге қызықтайық. Қазір бізде демалыс. 2020 жылдың алғашқы айларында рингке ораламыз, бұйыртса! QAZAQ STYLE", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.