Бокс
19 тамыз 2019 09:24
 

WBC және WBO титулдарын нокаутпен қорғаған Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

  Пікірлер

blog.share

WBC және WBO титулдарын нокаутпен қорғаған Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады © Instagram

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Американың Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жек бесінші раундта аяқталып, Әлімханұлы WBO Global және WBC Continental Americas аймақтық титулдарын алғаш рет қорғап қалған болатын.

Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 64-орыннан 63-ке көтерілді. Ал МакЛеллан жеңілістен кейін бір сатыға төмендеді, енді ол 258-орында.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшылардың ішінде Әлімханұлынан тек Геннадий Головкин мен Қанат Ислам жоғары тұр. GGG қазір екінші орында келеді, ал Ислам 32-сатыда.

Айта кетейік, орта салмақтағы рейтингте 1580 боксшы ұсынылған. Бірінші орында WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль Альварес, үшінші орында америкалық Дэниэл Джейкобс келеді.

blog.share
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Американың Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жек бесінші раундта аяқталып, Әлімханұлы WBO Global және WBC Continental Americas аймақтық титулдарын алғаш рет қорғап қалған болатын.


Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 64-орыннан 63-ке көтерілді.
Ал МакЛеллан жеңілістен кейін бір сатыға төмендеді, енді ол 258-орында.


Орта салмақтағы қазақстандық боксшылардың ішінде Әлімханұлынан тек Геннадий Головкин мен Қанат Ислам жоғары тұр.
GGG қазір екінші орында келеді, ал Ислам 32-сатыда.


Айта кетейік, орта салмақтағы рейтингте 1580 боксшы ұсынылған.
Бірінші орында WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль Альварес, үшінші орында америкалық Дэниэл Джейкобс келеді.

Жарнама

Живи спортом!