WBC жаңа рейтингінде Елеусінов үш саты төмендеді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жаңа рейтингте жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов үш саты жоғалтып, 22-орынға жайғасты.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Кособуцкий 12-орында тұр.
Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 36-орыннан 34-орынға көтерілсе, Серік Мұсаділов рейтингке 40-орынға шықты. Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19 және 20-қатарға жайғасқан.
Орта салмақтағы рейтингте Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші сатыға жайғасса, бірінші орта салмақтағы Садриддин Ахмедов 28-қатарға ығысты.
Жартылай орта салмақтағы тағы бір боксшы Талғат Шайкен 33-сатыда тұр. Ал бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 25-орыннан көрінді.
Жарнама