Бокс
3 қазан 2018 11:09
 

WBC Головкинді "Канелоға" міндетті қарсылас етіп тағайындады

  Пікірлер

blog.share

WBC Головкинді "Канелоға" міндетті қарсылас етіп тағайындады © REUTERS

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) WBC чемпиондығына үміткерлер тізіміне бірінші болып қойылды. Мұндай шешім Киевте өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясында қабылданды, - деп хабарлайды ESPN Deportes.

Мұның алдында GGG промоутері Том Леффлер WBC конвенциясында қарымтадағы төрешілер шешімі әділсіз болды деп есептейтіндіктен, Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жекке өтініш беретіндіктерін мәлімдеген еді. 

Головкиннің бірінші кезекке шығуы трилогияның мүмкіндіктерін арттырып отыр. Ал негізі "Канеломен" келесі жекпе-жекке WBC ұйымының "уақытша" чемпионы америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) бірінші тұрған еді. 

"Канело" Альварестің чемпион ретіндегі тағдыры 3 қазанда шешіледі, алайда, WBC президенті Маурисио Сулейман мексикалыққа атағын еркін қорғауға рұқсат беріп қойған. 

Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).

Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.

Еске салайық, Головкин 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) қарымта өткізді. 12 раундқа созылған бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті, ал головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеуінен айырылды.

Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеген.


blog.share
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) WBC чемпиондығына үміткерлер тізіміне бірінші болып қойылды.
Мұндай шешім Киевте өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясында қабылданды, - деп хабарлайды 
espn.
com/boxeo/nota/_/id/4824757/gennady-golovkin-colocado-como-primer-clasificado-en-los-medianos">ESPN Deportes
.


Мұның алдында GGG промоутері Том Леффлер WBC конвенциясында қарымтадағы төрешілер шешімі әділсіз болды деп есептейтіндіктен, Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жекке
vesti.
kz/boxing/7664/">өтініш беретіндіктерін мәлімдеген
еді.
 

Головкиннің бірінші кезекке шығуы трилогияның мүмкіндіктерін арттырып отыр.
Ал негізі "Канеломен" келесі жекпе-жекке WBC ұйымының "уақытша" чемпионы америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) бірінші тұрған еді.
 

"Канело" Альварестің чемпион ретіндегі тағдыры 3 қазанда шешіледі, алайда, WBC президенті Маурисио Сулейман мексикалыққа атағын еркін
vesti.
kz/boxing/7650/">қорғауға рұқсат
беріп қойған.
 

Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).


Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ.
GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.


Еске салайық, Головкин 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) қарымта өткізді.
12 раундқа созылған бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті, ал головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеуінен айырылды.


Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді.
Жекпе-жектен кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеген.



Жарнама

Живи спортом!