Бокс
10 сәуір 2019 15:37
 
WBC Головкин жекпе-жегінің орны мен уақытын хабарлады

  Пікірлер

blog.share

WBC Головкин жекпе-жегінің орны мен уақытын хабарлады © HBO Boxing

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) рингке оралатын уақытын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. GGG  үшін бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегі болады. Қарсылас кейін анықталады.

Мұның алдында Головкин жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) және WBO мен WBA титулдырына ие франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамға (37-3, 21 КО) жұдырықтасу туралы ұсыныс жасаған.

Оған дейін Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылар арасында британиялық Джон Райдер (27-4, 15 КО), екінші орта салмақта WBA рейтингінде бірінші және GGG-ге спарринг серік болған америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО), сондай-ақ, EBU тұжырымынша Еуропа чемпионы польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 КО) бар еді.

Жарнама

Живи спортом!