Бокс
15 қараша 2023 16:07
 

WBC басшысы Қазақастанның ең мықты кәсіпқойына үн қатты

  Пікірлер

blog.share

WBC басшысы Қазақастанның ең мықты кәсіпқойына үн қатты ©instagram.com/meiirim_n/

WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесінің) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановқа (19-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегі алдында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесінің) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановқа (19-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегі алдында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сені жақсы білемін! Алдағы кездесуде сәттілік тілеймін. Сен біздің ұйымның чемпионы болатын боксшысың. Тек алға", - дейді Сулейман Ташкенттегі WBC конвенциясы кезінде. 

Айта кетейік, Доминикана Республикасында өткен WBO конвенциясында Нұрсұлтанов 2023 жылдың үздік боксшысы атанды. 

Ал оған дейін BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды.

Сонымен қоса, қазақстандық BoxRec тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшылардың топ-3 тізіміне кірді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!