Екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental титулы бар қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (17-1, 8 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec.com мәлметінше, Сойлыбаев 2 желтоқсан Түркияның Трабзон қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Жекпе-жекке аз қалғанымен қарсылас әзірге белгісіз.
33 жастағы боксшы үшін бұл биылдыққа үшінші айқас. Тамыз айында Ташкентте Бекман украиналық Александр Егоровты (20-9-1, 10 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Оған дейін Алматыда Сойлыбаев филиппиндік Дженел Лаусаны (11-1-1, 7 КО) жеңген.