Бокс
23 қараша 2023 12:11
 

WBA титулы бар қазақстандық боксшы Түркияда айқас өткізеді

  Пікірлер

blog.share

WBA титулы бар қазақстандық боксшы Түркияда айқас өткізеді ©instagram.com/adal_promotions/

Екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental титулы бар қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (17-1, 8 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental титулы бар қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (17-1, 8 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәлметінше, Сойлыбаев 2 желтоқсан Түркияның Трабзон қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Жекпе-жекке аз қалғанымен қарсылас әзірге белгісіз. 

33 жастағы боксшы үшін бұл биылдыққа үшінші айқас. Тамыз айында Ташкентте Бекман украиналық Александр Егоровты (20-9-1, 10 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Оған дейін Алматыда Сойлыбаев филиппиндік Дженел Лаусаны (11-1-1, 7 КО) жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!