WBA жеңілмеген "Қазақ жауынгерінің" айқасы туралы ресми хабарлады
©Ringkz
WBA ұйымы қазақстандық Елшат Нығметолла (20-0-1, 7 КО) мен индонезиялық Фласидус Нуно (10-1- 2, 8 КО) арасынағы жекпе-жек туралы ресми хабарлады.
WBA ұйымы қазақстандық Елшат Нығметолла (20-0-1, 7 КО) мен индонезиялық Фласидус Нуно (10-1- 2, 8 КО) арасынағы жекпе-жек туралы ресми хабарлады.
Бұл айқас 1 ақпан Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде өтеді, қарсыластар ең жеңіл салмақта WBA Asia белебуін сарапқа салады.
Елшат Қытайда туып-өскен, кейін Қазақстанға қоныс аударып, жекпе-жектерінің көбін осында өткізген. Жеңіліп көрмеген Елшаттың лақап атты "Қазақ жауынгері".
Ал 28 жастағы Нуно барлық жекпе-жегін өз елінде ғана өткізген екен. Бұл оның шетелде алғаш айқасуы болады.
Жарнама