WBA Головкинге міндетті қарсылас белгіледі
Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жаңа қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жаңа қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) GGG-ді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуге міндеттеді.
Badlefthook.com мәліметінше, Головкин мұны мексикалық Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орындауы керек.
Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді: Канелоның барлық титулы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл жаңа салмақтағы дебют болмақ.
Жарнама