Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта жетінші болған Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) топ-15 тізімнен шығып қалды. Бұл Жәнібектің британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін WBО ұйымының "уақытша" чемпионы атанғанына байлансты болуы ықтимал.
Ал бұл дивизионда WBA Super белбеуі өзге қазақстандық Геннадий Головкинде (42-1-1, 37 КО).
Айта кетейік, WBO ұйымының толыққанды чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) жыл соңына дейін Әлімханұлына қарсы белбеуін қорғауы міндет.