Қазан айының 29 күні таңғы уақытта үш салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс чемпионы украиналық Василий Ломаченко (16-2, 11 КО) америкалық Джемейн Ортиспен (16-0-1, 8 КО) қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан кештің басты айқасы 12 раундқа жоспарланған. Бұл айқасты елімізді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ендеше таңғы 6:00-ден бастап спорттық арнадан бокс кешін өткізіп алмаңыз.
Еске салайық, украиналық былғары қолғап шебері кәсіпқой рингке бір жылдай шықпады. Соңғы рет өткен жылдың желтосанында ганалық Ричард Коммимен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Ортис болса мамыр айында америкалық Джамел Херрингті (23-4, 11 КО) жеңді.