Бокс
9 тамыз 2017 10:30
 
Василий Ломаченко МакГрегорға спарринг серіктес болуды ұсынды

  Пікірлер

blog.share

Василий Ломаченко МакГрегорға спарринг серіктес болуды ұсынды © sport.bigmir.net

Жеңіл салмақта WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко ирландиялық файтер Конор МакГрегорге америкалық Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жекке дайындалу үшін өз көмегін ұсынды. 

"Конорға басқа спарринг серіктес керек, өз мүмкіндіктеріңді бағамдап көргің келсе, қоңырау шал", - деп жазыпты Ломаченко Твиттер желісінде. 

Еске салайық, жақында МакГрегордың жаттығу лагерінен екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Пол Малиньяджи кетіп қалған болатын. Боксшы МакГрегордың спарринг серіктесі еді. Малиньяджидің лагерден шу шығарып кетуіне оның ринг ортасында жатқан суретінің жариялануы себеп болды. 

МакГрегор мен Мейвезер арасындағы жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегаста алғашқы орта салмақ бойынша өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!