Василий Ломаченко америкалық Теофимо Лопеспен қарымтаға қатысты ойын айтты
Украиналық боксшы Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) жеңіл салмақта WBA, WBO және IBF чемпионы америкалық Теофимо Лопеспен (16-0, 12 КО) қарымтаға қатысты ойын айтты. Бұл туралы Олимпиада чемпионы SNOWQUEENLA youtube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Лопестен қарымта сұрағым келмейді, өйткені ол да, әкесі де бұл айқаста теңдей түскенімізді бледі. Олар маған қарымта берсе не болатынын түсінеді. Міне сондықтан олар жартылай орта салмаққа көтерілгісі келіп отыр.
Мен үшін әлемнің абсолют чемпионы Теофимо, өйткені онымен шығар алдында менде үш белбеу, ал онда бір титул болды. Ол жеңді. Ол енді абсолют чемпион, ол жағынан мәселе жоқ", - дейді Ломаченко.
Еске салайық, 2020 жылы қазанда Ломаченко төрешілер шешімімен Лопеске есе жіберді.
Жарнама