Бокс
26 сәуір 2022 15:05
 
Василий Жиров Головкиннің карьерасына қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Василий Жиров Головкиннің карьерасына қатысты пікір білдірді ©vjirov.com

81 келіде 1996 жылғы Олимпиада жеңімпазы, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Жиров "Студия бокса Виктора Ялымова"  YouTube арнасына берген сұқбатында орта салмақта WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинің (42-1-1, 37 КО) мансабына байланысты пікір айтты. 

- Головкин мен Мурата кездесуі жайлы сұрайыншы. Егер бокс кешін көрген болсаңыз, Головкиннің дайындығы туралы не айтасыз?

- Жекпе-жек қиындау болды. Әсіресе соңғы раундтарда шаршап қалғандай көрінді. Дегенмен ол мықты боксшы. Кездесуді жеңіп, өзінің мықты екенін дәлелдеді. Тағы да қайталап өтейін, кез келген бокшсы карьерасын аяқтайтын уақытын білу керек. Соңына дейін ешкім бара алмайды. Түсінесіз бе, біз боксшылар, шаршы алаңда өзімізді қатты қинап қоямыз. Сондықтан дер кезінде кеткен дұрыс болады. 

- Демек сіз Головкиннің карьерасын аяқтағаны дұрыс деп ойлайсыз ғой?

- Мен ештеңе ойламаймын. Ал Головкин туралы мүлде ештеңе айта алмаймын. Мен тек көргенімді айтып отырмын. Иә, ақша барлығымызға қажет. Бірақ денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсыз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!