WBO чемпионы пуэрториколық Оскар Колласо (11-0, 8 KO) WBA титулына ие таиландтық Тамманун Немчонгты (25-1, 9 KO) нокаутпен жеңді.
Ең жеңіл салмқатағы екі титул үшін айқас Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтті.
12 раундқа есептелген жекпе-жектің жетінші раундында Колласо техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айқас кезінде Немчонг үш рет нокдаунға түсті, үшіншісінен кейін төреші есеп жүргізбестен кездесуді бірден тоқтатты.