"Ұят емес пе?". Ресейде төрешілер қазақ боксшыны аяқтан шалды

Жартылай орта салмақтағы қазақ боксшы Сағадат Рахманқұлов (8-5, 6 КО) кәсіпқойда кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақтағы қазақ боксшы Сағадат Рахманқұлов (8-5, 6 КО) кәсіпқойда кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Петерборда өткен бкос кешінде Сағадат ресейлік Виталий Петряковпен (15-0, 11 КО) жұдырықтасты. Толық өткен он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Петряковқа берді (97-93, 95-95, 96-94). Алайда бұл шешім дау тудырып отыр.
Бұған қатысты кей бокс жанкүйерлері әлеуметтік желіде былай жазыпты:
"Ұят емес пе?! 9 раундта 1000 соққы өткізіп алды. Қолын көтеріп жатыр. Кім жеңгенін бәрі көрді".
"Жұз пайыз қазақ жеңді, төрешілер аяқтан шалды".
Жарнама