Усиктің қазақстандық спарринг-қарсыласы Джалоловты жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3 КО) өзбекстандық Баходир Жалоловты жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3 КО) өзбекстандық Баходир Жалоловты жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Жолыққанша, Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов", - деп жазды Instagram парақшасында отандасымыз өзбекстандық боксшымен бірге түскен суретін салып.
Айта кетейік, Аманжолов украиналық боксшы Александр Усиктің спарринг-қарсыласы.
Еске салайық, 2020 жылы Токиода Олимпиада чемпионы атанған Жалолов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Жарнама