Аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және WBO белбеулерінің иесі Александр Усик ұлыбританиялық Энтони Джошуамен өтетін айқастың трансляциясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Біздің елде бұл трансляцияны көрсету өте маңызды. Себебі соғыстан көз ашпай келе жатқан украин халқына тегін трансляция жасауымыз керек. Сонымен қатар, қорғаныс құрылымдарына қаржы салуымыз керек", - дейді Усик IntuBoxing ютуб-арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, қос алып осыған дейін жұдырықтасып, төрешілер шешімімен Усик жеңген еді.